Үйді немесе қандай да бір ғимаратты еден арқылы жылыту дегенді білеміз, ал жылыжай аумағын топырақ арқылы жылытады дегенді естіп па едіңіз?! Түркістан облысы Жетісай ауданында шаруа жерасты жылыту жүйесін қолданып жылыжай шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Тіпті жылына бір алқаптан екі өнім алады. Толығырақ қожалықтың жұмысымен танысып қайтқан әріптесім Бексұлтан Бекпатша сабақтасын.
Бақытжан Сырлыбаев 2012 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. Шаруа 1 гектар алқапқа ақпан айында болгар бұрышын еккен. Бір қызығы жылыжай жер асты құбырларымен жылытылады. Кәсіп иесі бұл жүйені қолдануға қарапайым үйіндегі еден арқылы жылыту жүйесі түрткі болғанын айтады.