Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымда тазалық айлығы басталды. Игі бастамаға коммуналдық мекеме жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлерден бөлек қарапайым тұрғындар да атсалысуда. Олар ағаштарды әктеп, көше екті. Рухани шаһарды қоқысты тазартты. Экологиялық акцияға тілшіміз Шынар Әділханқызы қатысып келді.
Алғашқы апталықта Түркістан қаласындағы қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері ауланы тазарту жұмысын жүргізді. Ауқымды акцияға ақ халатты абзал жандар да өз үлестерін қосуда. Олар 2 гектар аумақта орналасқан емхана маңындағы ағаштарды әктеу, сырлау жұмыстарына кіріскен.