Экологиялық акцияға ұстаздар да атсалысып жатыр. Түркістандағы бір ғасырдан астам тарихы бар «Хамза» мектебінің педогогтары білім ошағының маңын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ мектеп маңына ерекше гүлдер отырғызды. Жалпы ұстаздар арасында бүгінде тазалық мәдениеті қалыптасып, көпшілік тазалық акциясына белсенді үлес қосуда дейді мектеп директоры.