Түркістан
EN

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Бішкекке барды

101
09.04.2024

Президент тапсырмасымен Үкімет басшысы қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды. Кездесуде Садыр Жапаров екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді. Тараптар өзара тауар айналымын 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Қырғыз Республикасымен бізде тығыз қарым-қатынас орнаған. Былтырдың өзінде-ақ екі ел 1,3 млрд АҚШ долларына сауда жасасқан. Қазақстан айыр қалпақты ағайындарға азық-түлік, өнеркәсіп, мұнай-химия, құрылыс өнімдерін жібереді. Енді сауда көлемін бұдан әрі ұлғайта түсу үшін шекара маңында индустриялық сауда-логистикалық кешені құрылмақ. Сондай-ақ өткізу бекеттерін салу мен реконструкциялау көзделіп отыр. Егер жоспар жүзеге асса, екі мемлекет 2 млрд АҚШ долларына алыс-беріс жасамақ