Қызылорда қаласында өткен ғасырда бой көтерген үйлер апатты жағдайда тұр. Іргесі сөгіліп, қабырғасы қақырап тұрған үйлер халыққа да қауіп төндіруде. Тұрғындар күн сайын онда "қашан құлап кетер екен?" деген үреймен өмір сүруге мәжбүр. Бір ғана облыс орталығының өзінде 50-ден аса тұрғын үй апатты деп танылған.