Елімізде су басқан аймақ тұрғындарына көмек беру жалғасуда. Түркістанда кеше халық қалаулылары, қайырымды азаматтар мен қарапайым тұрғындар Атырау маңындағы ауылдарға жылу жинауды бастаған болатын. Бір күннің ішінде 2 миллион теңге жиналды. Тағы қанша гуманитарлық көмек жиналды? Дәл қазір сонда біздің тілшіміз Айдос Игіліков те жүр. Айдос, сөз кезегі өзіңде.