Түркістан
EN

Жаңартылатын көздерден энергия өндіру дамып келеді

52
09.04.2024

Түркістан облысы күннен қуат жинау жөнінен елімізде көш бастап келеді. Қазір өңірде жалпы қуаттылығы 278 МВт болатын 21 Жаңартылатын Энергия Кешені жұмыс істейді. Басым көпшілігі Күн электр станцияларының үлесіне тиесілі. Бұл аймақтың күндізгі энергияға қажеттілігін толығымен өтеп отыр дейді мамандар. Алдағы уақытта инвесторлармен бірлесіп бірнеше күн және жел электр станциялары тағы салынбақ. Осылайша өңір энергияның өзіне қажетті көлемін ғана өндіріп қоймай, өзге аймақтарға сатуға мүмкіндік алмақ.