Түркістан
EN

Олжас Бектенов СҚО-дағы су басқан аудандарға барды

68
09.04.2024

«Алдағы 2-3 күнде көп жұмыс істеу керек»,- Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Петропавлға жұмыс сапарында осылай деді. Есіл өзені арнасынан асса жақын маңдағы ауылдар мен қалаға қиын болмақ. Үкімет басшысының сапары жайлы толығырақ тілші тарқатсын. 

Су тасқыны Солтүстіктегі ағайындарға таңсық емес. 2017 жылы аймақта қарқын су белең алып тұрғындарды әбден әбігерге салған еді. Үкімет басшысы 7 жыл бұрын табиғи апатты қалай еңсергені жайында есеп тыңдады. Сондай-ақ Тепличное мен Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарады.