Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің криминалдық полициясы іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады. Олардың ішінде 17 кісі өлтіруші, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 адам Түркияда ұсталған. Жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам қолға түскен. Одан бөлек, тәртіп сақшылары жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 259 тұрғынның орналасқан жерін анықтады.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ – ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған. Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі.