Түркістан
EN

Ақылы жолдарға қоршау салынады

184
08.04.2024

Жол үстінде төрт түлік қағып, апатқа ұшырау елімізде жылдан-жыл­ға көбейіп барады. Былтыр­дың өзінде 100-ге жуық мал қағу дерегі тіркеліп, сал­дарынан 40-қа жуық адам қаза тапқан. Түркістан облысында үш айдың өзінде 8 жол-көлік оқиғасы үй жануарларының жолға шығып кетуі салдарынан болған. Одан 1 адам қаза тауып, 12 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Бір қызығы бұл жағдайлар ақылы жолдарда көп болады. Автобанға қоршау қойылмай апат тыйылмайды, дейді жолда жүргендер.

АЛИЯ МҰХТАРҚЫЗЫ–ТІЛШІ

Елді-мекен арасын кесіп өтетін ақылы жолдар бойында темір болуы керек. Мал басына тоқтау, әрі өзге де сақтық үшін. Бірақ, көріп тұрсыздар,ақылы трасса бойы ашық, мал басы да жолға алаңсыз шыға алады. Сондықтан, көлік жүргізуішлері ақы төлеп жүрген жолында мал қағып, басы дауға қалған жайлар да азаймай тұр.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Бұл тәмсілдің тура мағынасын жолда жүйіткейтіндер жақсы біледі. Апат көбіне трассада мал жүру белгісі болмағанда, түнгі уақытта болады екен. Ақылы жолдың өзінде арнайы қоршау жоқ екенін айтқан жүргізуішілер, басқа жолдардан не үміт не қайыр дейді. 

Жалпы Түркістан облысында 324 шақырым болатын 2 ақылы жол бар. Олар Алматы Ташкент, Самара Шымкент бағыттары. Екеуі де  1 Б санатына жатады. Соған сәйкес, елді-мекендер арасын кесіп өтетін ақылы жолдарға малға бөгет болатын қоршау болуы маңызды. Бүгінде Алматы мен Ташкент арасындағы 20 шақырым жолда, ал Самара Шымкент бағытында 6 шақырымға ғана қоршау қойылған. Биыл ҚАЗАВТОЖОЛ ҰК  олардың санын былай арттырмақ. 

ҚАНАТ ЖОЛТАЕВ – «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

«Биыл шымкент пен сарығаш бағытына, одан кейін сыпатаевтан темірланға дейін, орталық апаратқа ұсыныс бердік қызылордадан шымкентке дейін забор қоюға қаражат қаралуда»

Қазавтожолдықтар осылайша биыл жалпы 68 шақырым ақылы жол бойына қоршау қою жоспарда дейді. Оның ішінде Түркістан Шымкент, Шымкент Ташкент бағытындағы жолдар да қамтылмақ. 

Ал заң бойынша мал айдау белгісі жоқ жолда мал қақсаңыз,  оған үй жануарын қараусыз қадырғаны үшін иесі 2 АЕК, денсаулыққа зиян келтіргені үшін 10 АЕК ақы төлейді. Сондай-ақ, түнгі уақытта белгіленген жылдамдықпен келе жатып апат болса, онда жүргізушіге де жаза жеңілдейді.


Жалпы, жылына қанша апат болатыны нақты белгісіз. Себебі көлік пен малдың соқтығысуы салдарынан адам зардап шеккенде ғана оқиға құзырлы органдарда тіркеледі. Биыл жолдарға қоршау қойылса бұл фактілер азаятыны хақ.