Түркістан
EN

Ел аман, жұрт тынышта адамдар қайда жоғалады?

321
08.04.2024

Бүгінде Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр. Оның 2098-і із-түссіз кеткендер. Жоғалып кетіп жатқандардың басым көпшілігі ер адамдар екен. Арасында 15-20 жылдап хабар-ошарсыз кеткендер де бар. Жалпы, тұрғындар ел аман, жұрт тынышта қайда кетеді? Ізім-қайым жоқ болуға не себеп? Тілші бейнематериалында толығырақ.

Елімізде із-түссіз кеткендер саны жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2020 жылы 1200 адам жоғалса, биыл қаңтардағы статистика бойынша олардың саны 2098-ге жеткен.

Адамдардың көп бөлігі Алматы қаласында жоғалған. Одан кейінгі орында Қарағанды мен Павлодар тұр. Басым көпшілігі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдай жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Әрі зиянды әдеттерге әуес және құмар ойынның құрығына түскен ересектер хабар-ошарсыз кетеді екен.

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері 25 адам жоғалған. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның 24-і көп ұзамай табылыпты.

Мамандардың айтуынша, облыста жоғалған адамдар кейде өзге өңірлерден табылған жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар көршілес республиканың іздеуде жүрген азаматтары да Түркістан облысының шекарасында құрықталып жатады. Биылдыққа мұндай 20-дан астам факт анықталған.