Түркістан
EN

Ақтөбелік зейнеткер тұтас бір қаланы тасқыннан аман алып қалды

140
08.04.2024

Ақтөбелік зейнеткер тұтас бір қаланы тасқынан аман алып қалды. Шыңғыстау Әбдиев есімді ақсақал 36 жыл Ақтөбе су қоймасында кран тасымалдаушы болып жұмыс істеген. Ол өткен жылдың желтоқсан айында ғана зейнетке шыққан екен. Аймақта су тасқыны басталған кезде Шыңғыстау ата өзінің кәсібилігі мен тәжірибесін көрсетіп, құтқарушыларға қол ұшын созды. Кенет кран істен шығып, тежегішті басқару мүмкін болмаған сәтте оны су қоймасына арнайы шақырған. Дереу ол жерге жеткен ақсақал мәселені жарты сағаттың ішінде шешіп берген.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» басшылығы былтыр желтоқсанда зейнетке шыққан  Шыңғыстау Әбдиевке қайтадан жұмысқа қосылуды ұсынды. Осылайша, ол 29 наурыздан бастап  кран машинисі қызметіне кірісті. Сондай-ақ алдағы уақытта  жастарға жауапты жұмыстың қыр-сырын үйретіп, тәжірибесімен де бөліспек.