Түркістан
EN

Жас балуандар белдесті

87
08.04.2024

Биыл күш атасы Қажымұқанның дүниеге келгеніне 153 жыл. Осыған орай балуанның ізін жалғастырушылар арасында турнир өтті. Оған Түркістан облысының аудан мен қалаларынан келген жас балуандар қатысты. Боз кілем үстіндегі бәсеке туралы тілшіміз тарқатып айтады.

Жеңіске деген ұмтылыс, қайсарлық пен қара күш. Ордабасы ауданының намысын қорғауға шыққан Сұлтан Оразбайдың ұраны осы. Оның қазақ күресімен айналысып жүргеніне 6 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында республикалық және облыстық сайыстарға қатысып біраз тәжірибе жинаған. 

Жарысқа Сұлтан Оразбай секілді 13-15 жас аралығындағы 150 ге жуық спортшы қатысты. Олар  10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Жарыс ұйымдастырушылары  аудандық ашық біріншілік жыл сайын дамып келе жатқанын айтады. 

Айта кетсек, Ордабасы аудандық ашық біріншілігі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Былтыр бұл сайысқа 120 ға жуық балуан қатысты.