Түркістан
EN

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 110 жәшік азық түлік пен 40 дана кілем жіберді

68
08.04.2024

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Қайырымдылық шарасы Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоглуның қатысуымен өтті. Азық-түлік өнімдері мен кілемдерден құралған гуманитарлық көмек Алмалы ауданының комьюнити орталығына табыс етілді.

ЭВРЕН МҮДЕРРИСОҒЛУ ТҮРКИЯ – РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ  

Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде орын алған су тасқыны біздің де қабырғамызды қайыстырып отыр. Сел апатынан зардап шеккен барша ағайынмен әрдайым біргеміз. Оларға қымбатты Мусиад мүшелері, меценаттар гуманитарлық көмек жөнелтіп отыр. Гуманитарлық көмек 110 жәшік азық-түлік және 40 дана кілемнен тұрады.