Сондай-ақ, кино туындыны Мақтаарал жұртшылығы да тамашалады. Аудан халқы фильмнен қандай әсер алды? Аймаққа барып, көпшілікпен бірге киноны көріп қайтқан тілші тарқатсын.
Мақтааралдықтарға кәріс келін Суджин Ли мен Сәкеннің махаббат оқиғасы ерекше ұнады. Аудан орталығы Мырзакент кентіндегі мәдениет үйіне фильмді тамашалауға әсіресе үлкендер жағы көптеп келді.