Түркістан
EN

Биыл шегіртке әдеттегіден де көп болуы мүмкін

200
05.04.2024

Шегірткелер қаптап, жайылымдық жерлерді жайпап кетуі мүмкін. Түркістан облысындағы ауылшаруашылығы саласына жауаптылар осылай деп дабыл қақты. Сондықтан да, өңірде зиянкестерге бөлінетін техника мен химикаттар саны екі есе көбейтілмек. Жәндіктерді дәрілеу қашан басталмақ? Мамандар биыл шегірткемен күрестің қандай жолын таңдаған? Балым Әлішер біліп келді.  

Былтыр Марокко шегірткесінен ең көп зардап шеккен Сарыағаш ауданы. Онда зиянкестер малға азық болар арпаны да, бидайды да, жайлымды да отап кеткен еді. Былтыр ондағы 75 400 шақырымға өңдеу жұмыстары жүргізілген. Биыл жауапты мамандар сол шегірткенің ошағына барып, күресу жолдарын талқылады. Әрі еккен егіннің рахатын шегіртке көрмеуі үшін жауаптылар жаңа тәсіл ойлап тауыпты.