Кикбоксингтен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының біріншілігі басталды. Бәсеке Сайрам ауданына қарасты Ақсу ауылында өтті. Облыстық додаға 16 команда 243 спортшы келген. Барлығының мақсаты бір – жеңіс тұғырынан көріну. Жаттықтырушы Нұрбек Құрмашевтың айтуынша, спортшылар сайыстың 2 түрінен сынға түседі. Алғашқысы лоу кик бойынша 13 салмақта жеңімпаздар анықтайды. Ал фулл контакт бойынша 13 салмақта өзара бақ сынайтын болады.