Халықаралық зерттеу ұйымдарының мәліметінше, Қазақстан интернет сапасы бойынша 220 елдің ішінде 155-ші орында. Ақпараттың көңіл көншіте қоймасы анық. Десе де, елімізде әлі мобильді байланыссыз отырған 1248 ауыл бар. Оның 150-ге жуығы Түркістан облысына қарасты.
Бүгінде кез келген адамның өмір сүруі, жұмысы, оқуы, тіпті табыс табуына дейін тікелей интернетке байланған. Сондықтан болар, халық бір сәтке болса да байланыстан тыс қалуды көтере алмайтын жағдайға жетті. Осыған байланысты, қоғамдық саяси институт былтыр әлеуметтік зерттеу жасаған. Нәтижесінде 35 пайыз ересек адамның интернет сапасына көңілі толмайтыны анықталса, халықтың 29 пайызы мобильді интернеттің жылдамдығын сынға алған. Ал, енді бірі ұялы байланыс тарифінің бағасына наразы.