Түркістан
EN

Мақтааралдықтар көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісті

147
04.04.2024

Мырзашөл өңірі халқының негізгі күн көрісі - ауыл шаруашылығы. Ерте көктемнен қара күзге дейін тыным таппайтын мақтаралдықтар көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Бұған наурыз-сәуір айларындағы ауа-райының қолайлы болуы ықпал еткен. Ақ алтынмен аты шыққан өңірде биыл қай дақылға басымдық беріліп жатыр? Тілші сюжетінен білейік

Мақтааралдықтар биыл 61 мың гектар алқапқа егін егіп, мол өнім жинауға ниетті. Шаруалар қазірдің өзінде 546 гектарға қырыққабат, 1200 гектардан астам алқапқа бақша өнімдерінің дақылын отырғызып үлгерген. Жергілікті шаруа Мадияр Датқаев осымен бірнеше жыл қатарынан 3 гектарға қауынның «ЖИЕН» сортын егіп келеді.