Түркістандағы 1- ықшам аудан тұрғындары тағы да шу көтерді. Екі апта бұрын жарық жоқ деп біздің арнаға шағымданған. Бұл жолы жертөледегі ауыз су құбыры жарылуға шақ тұр,- дейді. Көпқабатты үй- жекеменшікте. Демек, мұны жөндеу де - тұрғындардың мойнында. Алайда, олар ай сайын коммуналдық шығындарды бекер төлеп отырмыз ба,- деп күйінеді.