Түркістан
EN

12 мың мұқтаж отбасы үйлі болмақ

136
04.04.2024

1 мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Мемлекет басшысы Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық құрылтайда жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу туралы бастама көтерген болатын. Сондықтан бағдарлама "Наурыз" деп аталады. Басымдық әлеуметтік осал топтарға берілмек. 8 жылға қарастырылған бағдарламаға 1,7 триллион теңге бөлініп, 68 мыңға жуық қазақстандық жеңілдетілген несие ала алады. 

Жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарына сай салымның ең төменгі сомасы – 1 млн теңгеден кем болмауы керек. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, яғни көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүгедектер үшін сыйақы мөлшерлемесі - 7 %, қалған салымшылар үшін 9% болмақ. Бастапқы жарна 20 пайыз. Несие 19 жылға дейін беріледі.