Абай облысының Көкпекті ауданында су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Мамандар Шұғылбай ауылында тасқынның әлі бірнеше толқыны болуы мүмкін дейді . Қазір ауыл маңындағы бірнеше жолды су басқан. Мыңнан астам тұрғыны бар Тассай ауылына апаратын көпірді су шайып, қатынас үзілген. Халыққа қажетті азық-түлік қайықпен жеткізілуде.
Негізгі күштің барлығы Шұғылбай ауылына жұмылдырылған. Құтқарушылар мен әскерилер ауыл маңын бекітіп, ер атаулы жабылып бөгет салуда. Елдімекендегі бірнеше көшені түнде су басқан. Қазір 30-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ауылға кіре беріс жол қазылып, ағын судың арнасы бұрылды.