Су басқан ауылдар аралға айналып, жұрт қарашаңырағын тастап қашты. Атырау облысында қарғын су әлі бой бермей тұр. Қызылқоға ауданындағы Қоныстану ауылын тасқын су басты. Елдімекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, ауыл азаматтары бөгет салуға белсене кіріскен.
Халықтың суға кеткен баспанасы алыстан бақылаудан басқа амалы жоқ. Көбі қызыл су келген күні-ақ малынан түгел айырылған. Көздіқара ауылының тұрғыны Жанболат Берегенұлы төтенше жағдай жарияланған кезде 6 баласын қалаға жіберіп, қолына күрек алып бөгет тұрғызуға кірісіпті.