Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі кездесуде прокурорлар Нүкенованың экс-министрмен әлеуметтік желіде өзара алмасқан хаттарын ашық көрсетті. Одан бөлек, марқұмның ұялы телфондағы күнделігін шолып шықты. Онда Нүкенова басынан өтіп жатқан қиындықтары мен күйеуіне арнап түрлі жазбалар жазған. Айта кетейік, бұған дейінгі отырыста Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеолары тараған еді.