Түркістан
EN

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Созақ ауданына барды

198
04.04.2024

Түркістан облысындағы билік өкілдері тұралап тұрған кәсіпорындарды аралады. Созақ және Бәйдібек ауданына тоқталған олар, сондағы шаруалар мен де кездесті. Айта өтсек елімізде облыс ауыл шаруашылығы өнімі көлемі бойынша республикада көшбасшы орында. Жауаптылар енді бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайтуды мақсат тұтып отыр. 

Кәсіп иелерімен жүздескен облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы және  кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішев былтырғы атқарылған жұмыстарды баяндады. Әрі осы жетістікке жетуге үлес қосқан бизнес өкілдеріне алғысын айтты. Айта өтсек кәсіпкерлерге биыл қолдау көп.