Түркістан облысы Келес ауданында ағын су тапшылығы жоқ. Жергілікті су шаруашылығы мамандары осылай деп отыр. Ауданда 26 мың гектар суармалы егіс алқабы болса, оған су жеткізуші 148 канал мен 144 қашыртқы бар. Ирригация жүйелерін қалпына келтіру бойынша өткен жылы жалпы ұзындығы 146,8 шақырымды құрайтын 29 канал механикалық тазалаудан өткен.