Түркістан облысы Жетісай ауданында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Онда республикалық жарыстарды өткізуге болады. Заман талабына сай салынған кешенде қандай спорт түрлерімен айналысуға болады? Әріптесім тарқатып айтсын.
Аудан орталығы Жетісай қаласында бой көтерген спорт кешені соңғы үлгіде салынған. Ғимаратта үлкен спорт зал, жаттығу залы және сабақ өтуге арналған арнайы бөлмелер бар. Өңірде осы уақытта дейін мұндай спорт кешені болмаған.