Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Бүгінде оның көлемі өңірде 23 гектарға жеткен. Сондай-ақ аймақта жылыжайдан жылына 2 рет өнім алатын шаруалар көбейіпті. Отбасылық кәсібін дөңгелетіп отырғандар «Ауыл аманаты» ұлттық жобасына құжат тапсыруды да жоспарлап отыр.