Жалғыз түйе асырап, жүзге жеткізген. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 30 жылдан бері түйе шаруашылығымен айналысып келе жатқан әулет бар. Ыстыққа, құрғақшылыққа қыңқ етпейтін жануарды бағып, аз ғана уақытта оның санын еселеп көбейткен шаруа мұның құпиясын қалай түсіндіреді? Толығырақ сол аймаққа барып, қожалық иесімен сөйлесіп қайтқан тілшіміз Бексұлтан Бекпатша тарқатсын.
Дүрия Естемірова - шет тілі пәнінің мұғалімі. Ұлағатты ұстаз жұмысынан бос уақытта түйе бағып, шұбат баптайды. Ол 1990 жылдары әкесі сатып алған жалғыз түліктің санын көбейтіп, бүгінде үлкен шаруашылыққа айналдарып отыр. Қожалық иесі өркешті жануарды бағудың қызығы да, қиыншылығы да бар дейді.