Түркістан
EN

Сергек камерасынан түскен айыппұлдар қайда кетуде?

149
03.11.2021

«Сергек» камерасынан түсетін қаржы қайда кетіп жатыр? Көпті алаңдатқан осы сауалға Елнұр Өтебаев жауап берді. Тиісті басқарма басшысының айтуынша алдағы уақытта облыста жалпы 80 сергек, тағы 1000 дана бейнебақылау құрылғысы орнатылады. Ол үшін жеке инвестор 5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Жалпы бұл жоба Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Инвестордың қаражатын әкімдік 5 жыл 9 айда қайтарып беруді жоспарлап отыр екен.   Осы мақсатта екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Айта кетсек, қазір жұмыс істеп тұрған камералардың өзі  соңғы 4 айда 623 млн теңгенің айыппұлын тіркеген. Оның 227 млн-ы облыстық бюджетке өндіріліпті.