Бір тәуліктің ішінде 55 үй қызыл судың астында қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің есебі бойынша жалпы саны 1376 үй жарамсыз күйге енген. Тасқын 18 автожолды шайып, 67 елді-мекенмен автокөлік қатынасы үзіліп отыр. Қазір Абай, Ақмола, Ақтөбе мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр.
Соңғы бір тәулікте топан су басқан аймақтардан 1345 адам көшірілді. Қауіпсіз жерге жеткізілгендердің 496-ы - кәмелет жасына толмаған балалар. Мәселен, Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Әйке ауылынан үрлемелі қайықпен барлығы 188 адамды эвакуацияланды, оның 44-і бала. Суды азайту мақсатында Тереңсай бөгетін басқа бағытқа бұру жұмыстары жүргізілді.