Шымкентте ұмыт қалып бара жатқан ұлттық тағамдарымызды жаңғырту мақсатында фестиваль өтті. Оған облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері табақ тартып, наурыз көжесін ұсынды. Шарада тағы қандай бүгінде біз біле бермейтін тағам түрлері көпшілікке ұсынылды? Сюжетті көрейік!
Қазақ халқы ішер асқа үлкен мән берген. Содан болар, ұлттық тағам түрлері өте көп. Қарын көмбе, белкөтерер, сірне, жаужүрек солардың тек бір қатары. Бүгінде ұмыт болып бара жатқан бұл тағамдарды жаңғырту көзделіп, облыстық тарихи-өлкетану музейінде фестиваль өтті. Онда тіпті табақ тарту дәстүрі көпшілік назарына ұсынылды.