Түркістан
EN

Президент Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

46
03.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген қайраткер Парламенті Сенатының алғашқы Төрағасы болған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.