700-ден астам кітап тауысқан

50
02.04.2024 20:54

Сіз 13 жасқа дейін қанша кітап оқып үлгердіңіз? Бүгінгідей жаппай телефонға телмірген заманда бұл сұрақ орынсыз секілді көрінуі мүмкін. Алайда, Түркістанда тұратын 8 сынып оқушысы дәл осы жасында 700-ден астам кітап тауысыпты. Жандүниесі кітапханаға айналған бойжеткенді біздің тілшіміз арнайы іздеп барды.

Фатиманың мектептен кейінгі екінші үйі – кітапхана. Уақытының көп бөлігін осында өткізгенді ұнатады. Жасы небәрі 13-те болса да ол бүгінге дейін 700-ден астам кітап оқып үлгерген. Жас өреннің алғаш оқуға деген құштарлығын оятқан Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы болса керек. 

ФАТИМА ӘЛІШЕРҚЫЗЫ – ОҚУШЫ