Түркістан
EN

Қоқыстан да ақша табуға болады

30
02.04.2024

Сарыағаштықтар қоқысты да кәдеге жаратады. Ауданда айына 100 тоннаға жуық қалдық өңдейтін кәсіпорын бар. Кәсіпкер бұл істі табиғатқа пайдалы, табысы да мол деп отыр. Қалдықтан қандай тауар жасалады? Жұмыс процесі қалай жүзеге асады? Толығырақ Нұрдәулет Сыздық айтып берсін.

 

Шашылып жатқан мына пластмасса, полителен өнімдері қалдық емес, көзін тапқан адамға - қып қызыл ақша. Себебі мекеме оны қайта өңдеп, қажетті бұйым жасайды. Мұнда күнделікті 5 мыңға жуық жәшік, 2,5 тоннаға жуық су құбыры өндіріледі.