Түркістан
EN

Тайқазан құятын жалғыз шебер

94
02.04.2024

Еңбек адамы қашанда зор құрметке лайық. Бүгінде ешкімге алақан жаймай, қолдан келер жұмысын кәсіпке айналдырып отырған жандар жетерлік. Солардың бірі – Есболат Сүйінбаев. Ол аядай ғана бір бөлмеде Түркістанның символына айнаған тайқазанды жасап шығаруда. Көздің жауын алатын Тайқазан қалай құйылады? Тілшіміз Бақтыгерей Оразхан көзбен көріп қайтты.


Тамырын тереңге жайған көрікті әрі көрнекті саланың бірі - зергерлік өнер. Бүгінде көне кәсіпті дәріптеп жүргендердің қатарында Сүйінбаевтар әулеті де бар. Есболат Сүйінбаев жастайынан осы салаға қызыққан. Қазір оның жеке шеберханасы бар. Оның іші құдды бір музей секілді, көздің жауын алатын тайқазандар тізіліп тұр.

ЕСБОЛАТ СҮЙІНБАЕВ - ЗЕРГЕР