Түркістанда киім-кешекті тегін беретін дүкен бар. Ол – ақсақалдар кеңесінің қайырымдылық дүкені. Мұнда жақсылық жасағысы келген адам үйіндегі бүтін, киілмеген немесе әлі киюге жарамды киімдерді тапсырады. Ал, көмеке мұқтаж кез келген жан сол жерден өзіне керектіні ала алады.
Гүлнар Мамытханова – Түркістан қаласының тұрғыны. Ол игіліктің істің ерекше түрін таңдаған. Өзі киім сатумен айналысады, сондықтан жаңа киімдерді де жағдайы нашар отбасыларға беріп отырады.