Түркістанда бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы 22-ші халықаралық турнир басталды. Дүбірлі додада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 220-ға жуық спортшы 19 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановтың туған күні қарсаңында ұйымдастырылған жекпе-жек жылдағыдан ерекше дейді ұйымдастырушылар.
Осымен 22 ші мәрте өткізіліп отырған турнир халықаралық дәрежеде өтіп жатыр. Жарысқа алыс-жақын елдерден және еліміздің әр облысынан 250-ге жуық спортшы қатысуда. Олар 19 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.