Түркістан облысынан Ақтөбеге гуманитарлық көмек жіберілді. Тұрмысқа қажетті 30 тонна зат апаттан зардап шеккен Ырғыз ауданының тұрғындарына үлестірілмек. Онда көрпе-төсектен бастап, киім-кешек пен азық-түлік бәрі бар.
Осыдан бірер күн бұрын облыс жастары «Күшіміз – бірлікте» акциясын қолға алды. Ол үшін жастар орталығында арнайы штаб құрылған. Игі іске өңірдің 17 аудан-қаласындағы кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар қол ұшын созған. Одан бөлек, бұл игі іске 100-ге жуық волонтер жұмылды.