Елордада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Өткен аптада жәбірленуші тарап пен бірқатар куәгерден жауап алынған болатын. Бүгін сот отырысы барысында Қуандық Бишімбаевтан жауап алынып жатыр. Дәл осы сәтте қайтыс болған Салтанат Нүкенованың анасы шыдамай сот залында шу шығарды.