Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Түркістандық кәсіпкерлермен кездесті. Жиынға кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар мен мүмкіндіктер қарастыру жайын талқылады.
Жиынның басы жаттанды мәтінмен емес кәсіпкерлердің көкейтесті сауалдарынан басталды. Өңірдің бизнес саласындағы өкілдері бірнеше тақырыптың түйінін тарқатты. Мәселен, шикізатты экспорттау, лицензиялау жайы сөз болды. Кәсіпкер Нұрлан Лесбеков кірпіш өндіруде сапаға ешкім мән бермейді. Тиісінше, нарықта сапасыз тауарлардың қаптап жүргенін айтты.
НҰРЛАН ЛЕСБЕКОВ – КӘСІПКЕР