Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментініңт құтқарушылар тобы Қазақстанның Солтүстігіне аттанды. Олар су тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созбақ. Департаменттен 54 құтқарушысы, 14 бірлік техникасы жұмылдырылды. Одан өзге 15 мотопомпа, 2 қайық, 16 портативті радиостанция, 2 спутниктік телефон, 5 шатыр, 50 төсек автономды жұмыс істеуге толық дайын. Құтқарушылар тасқыннан зардап шеккен өңірге бүгін жетеді.