Түркістан
EN

Атырау облысында 51 ауылды су басуы мүмкін

265
29.03.2024

Атырау облысындағы су басу қаупі бар аумақтар әуеден бақыланды. Қазір Қызылқоға ауданындағы Ойыл, Сағыз және Ноғайты өзеніндерінде су деңгейі күн санап көтеріліп, жақын маңда орналасқан 51 елді-мекенге қауіп төндіріп тұр. Айта кету керек, биыл тасқынға тосқауыл қою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінген. Тікұшақпен барлау барысында Қызылқоға ауданына келуі мүмкін судың мөлшерін анықтау үшін жақын маңдағы Ақтөбе облысының аумағы да тексерілді. Облыс орталығында 3 тәулік ішінде жеке тұрғын үйлердің ауласынан 40 мың текше метр су шығарылды. Толассыз жауын салдарынан Атырау қаласындағы 300-ге тарта үйге су басу қаупі төнді.