Былтыр Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде еліміздің 11 өңіріне 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Соның арқасында Түркістан облысында 3 ірі жоба қолға алынған. Бүгін аталған нысандардың жұмысымен танысу үшін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Кәсіпорындардың жай-күйімен танысып, шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдады.