Түркістан
EN

Нұр-Сұлтан қаласында апат болып, 60 жастағы қария көз жұмды

49
02.11.2021

Көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, екі адамды қағып кетті. Апат салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Қайғылы оқиға Елордадағы базарлардың бірінің маңында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, «Kia» көлігін мінген 22 жастағы азамат қарсы бетке шығып кетіп, «LADA» көлігіне соғылған. Ал екінші жүргінші мен көлікте болған екі жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарауынан соң үйіне жіберілген. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.