Түркістан
EN

Жемқорлықпен күресті әлі де күшейту керек

182
29.03.2024

Түркістанда «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық  кеңес отырысы өтті.

Жиынға Мәжіліс депутаттары, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Жергілікті мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен күрес қарқыны баяндалып, қоғамдағы өзекті проблемамен күресудің тиімді тетіктері талқыланды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық  кеңес төрағасы  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров облыстың құқық қорғау органдары Аманат партиясы орталық аппаратының өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге құлықсыз екенін айтты.