«Сатқан да, атқан да жазаланады»: Елімізде насыбай саудасына тексеріс басталды. Тәртіп сақшылары мен жергілікті әкімдік өкілдері сауда орындарында күнделікті рейд ұйымдастырып, тыйым салынған өнімдерді сатып жүргендерді жауапқа тартып жатыр. Мәселен, Түркістанда 10 күннің ішінде насыбай сатқан 30 азамат анықталыпты. Ал күні кеше тапа тал түсте тиым салынған тауарды қаптап саудалап тұрған саудагер айыппұл арқалады.