Түркістан
EN

Түркия елшісі Түркістанға жақсы баға берді

155
29.03.2024

Түркістанға Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елшімен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты. Түркия елшісі түркістандағы өзгерістерге жоғары баға берді

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу екі ел арасындағы мәдени-тарихи байланыстың тереңде жатқанын айтты. Бауырлас елдердің мүддесі ортақ екенін, соның ішінде Халықаралық университеттің әлеуетін арттыруға әрдайым дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, Түркістанның инвестициялық әлеуетін кәсіпкерлерімізге таныстыруға күш саламыз, дейді өкілетті елші. 

МУСТАФА КАПУДЖУ - ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ