Түркістан
EN

Түркістанда мəнерлеп сырғанаудан республикалық турнир өтеді

102
28.03.2024

Түркістанда мəнерлеп сырғанаудан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді. Сайыс мамыр айының басында қаламыздағы мұз сарайында болады деп жоспарланған. Ел мақтанышының жүлдесіне арналған биылғы жарыс 5-ші мәрте ұйымдастырылуда. Турнир аясындағы  оқу жаттығу жиынына  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және облыс орталықтарынан 15 спортшы қатысып жатыр.