Абай облысындағы бірнеше ауданда тасқын жүріп жатыр

22
28.03.2024 21:35

Абай облысындағы бірнеше ауданда тасқын жүріп жатыр. Қызыл су Жарма ауданындағы Үшбиік ауылында 12 ауланы басып, 9 үйге кіріп кеткен. Қазір құтқарушылар ондағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, елді мекенде инженерлік жұмыстар жүргізуде. Облыстағы екі жолды тасқын суы бұзып өтті. Салдарынан Ақсуат ауданындағы Кіндікті ауылымен байланыс үзілді. «ҚазАвтоЖол» мамандары республикалық маңызы бар жолдарда бекіту, су арналарын кеңейту жұмыстарын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп жатыр.  Ал Аягөз ауданында жоғалған үш адам әлі іздестірілуде. Оған қорғаныс министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары қазір өңірдегі 6 ауданда жағдай қауіпті екендігін айтып отыр.